Полиция департаменті «Бұқар жырау» тұрғын үй кешенінде өткен арнайы операция кезінде ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді.
Қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасы арнайы операция кезінде үш адам зардап шеккенін, оның ішінде екеуі арнайы жасақ қызметкері екенін хабарлаған болатын.
"Бәріне медициналық көмек көрсетілді. Зардап шеккендер ҚДБ медициналық мекемелеріне жеткізілді. Олардың жағдайы туралы қосымша хабарланады", – делінген басқарма хабарламасында.
ПД өкілдері арнайы жасақ қызметкері зардап шеккені туралы хабарды жоққа шығарды.
"Арнайы жасақ өкілі де, қарапайым азаматтар да, полиция өкілдері де зардап шеккен жоқ. Күндіз күзетші ғана зардап шекті", - деді Алматы қаласы ПД өкілі Салтанат Әзірбек.