"Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінің тұрғыны күзетшіге оқ атқан ер адам туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматылық әйелдің айтуынша, ол күндізгі сағат 12-де серуендеуге шыққан, бірақ үйіне кіре алмай қалған.
"Иә, бұл адам мұнда бұрыннан тұрады. (...) Ол - бірқилы адам. Менің ойымша, жасы 50-ден асқан. Қырсық, қаталдау. Диванға келсек, мұның бәрі қауесет (әлеуметтік желіде жанжал диванға қатысты туды деген нұсқа туралы. - Еск.).
Кіреберістегі бұл дивандар ұзақ уақыттан бері тұр. Ол маған ешқашан дөрекі болмаған. Қаруын ешқашан көрмедік, бірақ ол күрделі адам. 17-қабатта тұрады", - дейді тұрғын үй кешенінің тұрғыны.
Біраз уақыт бұрын үйге бірнеше жедел жәрдем көлігі, кейін Ұлттық ұлан көлігі жетті.
Бұған дейін үйдің кей тұрғыны күндізгі 2-ден бері үйіне кіре алмай жүргені хабарланған.