Ресейде Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгердің медальоны табылды деп хабарлады tengrinews.kz.
Оны "Пионер" іздестіру тобы тапқан.
Іздестіру тобы ақпаратты Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған.
Табылған медальондағы жазбаға қарағанда, ол 1906 жылы туған Көмеш Жұмановтікі болған. "Отбасы, мекен-жайы" туралы мәліметінде Жуманова Малика, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қызылсай ауылдық округі, Киров ауданы жазылған.
[caption id="attachment_131678" align="alignnone" width="740"] Фото: bogdanov_group[/caption]
Іздестіру тобының мүшелері Көмеш Жұмановқа тиесілі тағы бір медальонды тапқан.
"Табылған екінші медальон зерттелді. Бір қызығы, ол да Қазақстан, Ақмола облысы тұрғыны Жұманов Көмешке тиесілі. Жауынгер өзі туралы ақпарат жоғалып кетпей туыстарына жеткенін қалаған. Отбасы табылады деп үміттенеміз", – делінген жазбада.