Қорытынды бойынша Nomadland («Көшпенділер жері») «Үздік фильм» атанды.
Бұл фильм тағы екі номинацияны иеленді. Атап айтқанда, Хлоя Чжао «Үздік режиссер», Фрэнсис МакДорманд «Үздік әйел рөлі» номинациясында жеңіске жетті.
«Үздік ер адам рөлі» номинациясында The Father («Әке») фильмінде басты рөлді сомдаған Энтони Хопкинс «Оскар» алды.
2021 жылғы «Оскардың» жеңімпаздары:
Үздік фильм – Nomadland («Көшпенділер жері»);
Үздік ер адам рөлі – Энтони Хопкинс, The Father («Әке»);
Үздік әйел адам рөлі – Фрэнсис МакДорманд, Nomadland (Көшпенділер жері);
Екінші пландағы үздік ер рөлі – Дэниел Калуя, Judas and the Black Messiah («Иуда және қара мессия»);
Екінші пландағы үздік әйел рөлі – Юн Ёджон, Minari («Минари»);
Үздік режиссер – Хлоя Чжао, Nomadland («Көшпенділер жері»);
Үздік сценарий – Promising Young Woman («Үміт беретін қыз»);
Үздік бейімделген сценарий – The Father («Әке»);
Үздік анимациялық фильм – Soul («Жан»);
Үздік шетелдік фильм – Druk («Маскүнем»);
Үздік деректі фильм – My Octopus Teacher («Менің мұғалімім – сегізаяқ»);
Үздік оператор – Эрик Мессершмидт, Mank («Манк»);
Үздік визуал эффектілер – Tenet («Дәлел»);
Үздік композитор – Soul («Жан»);
Үздік монтаж – Sound of Metal («Металл даусы»);
Үздік костюмдер дизайны – Ma Rainey's Black Bottom;
Үздік дыбыс – Sound of Metal («Металл даусы»);
Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – If Anything Happens I Love You («Мен сені сүйемін»);
Үздік қысқаметражды фильм – Two Distant Strangers («Алыстағы екеу»);
Үздік қысқаметражды деректі фильм – Colette («Колетт»);
Үздік қоюшы-суретші – Mank («Манк»);
Лучший грим мен шаш үлгісі – Ma Rainey's Black Bottom;
Үздік ән – Fight for You әні, Judas and the Black Messiah («Иуда және қара мессия»).