"Қазгидромет" РМК 27-29 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Атлантикалық циклонның әсер ету кезеңінің басында республика аумағында ауа температурасы 15-26°С дейін, Қазақстанның оңтүстік бөлігінде 28-36°С дейін көтеріледі деп күтілуде. Кезеңнің соңында солтүстік-батыс антициклонының ауытқуы салдарынан Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы түнде елдің солтүстігінде -3°С – 5°С, күндіз 8-15°С дейін төмендеуі мүмкін. Республиканың оңтүстік өңірлерінде күндіз термометр бағандары 20-28°С көрсетеді. Жаңбыр жауады, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнайды, солтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр, бұршақ жауып, қатты жел тұруы мүмкін", - делінген хабарламада.