Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр.
Әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев Sputnik Қазақстан тілшісіне әкесінің жағдайы ауыр екенін айтқан. Оның айтуынша, әкесінің жағдайы кеше кешке күрт нашарлаған.
“Әуелі Алла, содан кейін дәрігерлер мен халық тілегі көмектесетініне сенеміз. Әкем өмір бойы халық үшін еңбек етіп келеді. Осындай қиын жағдайда халық әкемнің денсаулығы жақсаруын тілейтініне сенемін”, - деді Біржан Хасанғалиев.
10 сәуірде Біржан Хасанғалиев ата-анасы коронавирус жұқтырғанын хабарлады.