«36 жастағы ер адам 12 жастағы ұлы өзінің қарындасын №16 орта мектепке апаруға шығып, сол күйі үйге оралмағанын хабарлаған. Баланың қазір қайда кеткені белгісіз қалып отыр», - дейді Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.Бала үйден шыққанда қара түсті трико, қара түсті кроссовка, көк түсті куртка және қара түсті бас киім киген. Полиция балаға қатысты қандай да бір ақпарат білетін адамдарға дереу 102 арнайы желісіне хабарласуды өтінеді.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы