Нұр-Сұлтанда стационарларда барлығы 645 адам жатыр , оның ішінде 62-балалар
Нұр-Сұлтанда стационарларда барлығы 645 адам жатыр , оның ішінде 62-балалар
© Сурет ғаламтордан
237
оқылды
Нұр-Сұлтанда стационарларда барлығы 645 адам жатыр , оның ішінде 62-балалар. Бұл туралы қалалық қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. "21 наурыз күні сағат 13.00-ге Нұр-сұлтан қ. аумағындағы коронавирустық инфекция бойынша ақпарат Сіздердің назарларыңызға 2020 жылдың 21 наурызы сағат 13.00-ге дейінгі Нұр-Сұлтан қаласы аумағындағы коронавирус инфекциясы (КВИ) туралы ақпаратты ұсынамыз. Коронавирустық инфекцияның алдын алу және таралуын ескерту мақсатында эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылданған болатын. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласында жалпы 1051 төсектік стационарлар орналастырылды: 1. №1 стационарда- 387 төсек орындар; 2. №2 стационарда- 220 төсек орындар; 3. №3 стационарда– 444 төсек орындар. Ауруханаларла 44 реанимациялық төсек, оның ішінде 22-і №1 стационарда, 2 Пит палата №2 стационарда, 20 төсек орындар №3 стационарда орналасқан. Бүгінгі күні біздің ауруханаларымызда 173 өкпені жасанды желдету аппараттары бар. 44 - өкпені жасанды желдету аппараттары инфекциялық және провизорлық стационарларда орналасқан. Бүгінгі күні яғни, 21 наурызда сағат 08.00- де стационарларда барлығы 645 адам жатыр , оның ішінде 62-балалар: - №1 Стационарда - 147 (балалар саны - 5); - №2 Стационарда - 181 (балалар саны - 2); - № 3 Стационарда - 317 (балалар саны - 55). Осы уақытқа дейін Нұрсұлтан қаласы бойынша 28 адамда короновирус инфекциясы анықталды. 2 адам 18 жасқа дейін (4 айлық нәресте, 14 жастағы жасөспірім) 3 науқас 18-29 жас аралығында 18 адам 30 бен 49 жас аралығында, 4 адам 50-59 жас шамасында, 1 науқас 60-69 жас аралығында Осы 28 науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, дене кызуы қалыпты шамада, осының ішінде 6 науқастың тамақтары жыбырлап, жөтел түріндегі клиникалық симптомдар байқалады. Барлық науқастармен тығыз қарым қатынаста, яғни ұшақта бірге болған азаматтар және отбасы мүшелерімен осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Барлық науқастар дәрігерлердіің қатаң қадағалауында. Бүкіл медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Соңғы 3 науқастардың жағдай бойынша солармен жақын байланыста болған адамдар стационарға жатқызылды және кейбіреулері үй карантінінде болады. 19 наурызда Минск-Нұр-Сұлтан рейсі ұшып келді , бортында 73 жолаушы болған. Соның ішінде 7 адам жақын контактіде болған. Осы рейстің қалған 66 жолаушысы үй карантинінде болады. Енді қазіргі уақытта бізде медицина қызметкерлеріне арналған бір реттік костюмдер және қорғаныс құралдарымен жабдықтау мәселесі туындап отыр. Рамада Плаза қонақ үй кешенінде (800 төсектік) жөндеу жұмыстары аяқталды. Бүгін төсек (500 дана ) және төсек- орын әкелінеді. Жиһаз, дезинфекциялау құралдары бойынша мәселе шешілмеген. Сондай-ақ Турист және Алау қонақ үйлерімен келісім- шарт жасау жұмыстары басталды. № 9 қалалық емхана базасында КВИ бойынша штаб ұйымдастырылды, КВИ бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайы бар елдерден келген және үй карантиніндегі (1 б, 2, 3 санатты елдер) тұлғаларға телефон соғу үшін Нұр-сұлтан қаласындағы медициналық ұйымның 24 қызметкерлерінен тұратын арнайы топ құрылды. Құрметті астанамыздың тұрғындары! Сіздерден короновирус инфекциясының таралуына қарсы бағытталған күрес шараларына түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз. Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығына деген жауапкершілігіңізді арттырыңыз. Өздігінен емделуге болмайды. Жедел респираторлы вирустық инфекцияның белгілері болып жатса (дене қызуы, құрғақ жөтел және т.б.) 103 нөміріне хабарласып жедел жәрдем бригадасын шақырыңыз", – делінген қалалық Денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.