Жатақханаларға рейд жүргізді
Жатақханаларға рейд жүргізді
275
оқылды

«Jas Otan» Жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалы жа­ны­нан құрылған бақылау ко­миссиясының мониторинг тобы М.Оспанов атындағы Батыс Қа­зақстан мемлекеттік меди­цина университетінің жатақ­ханаларына рейд жүргізді.

«Jas Otan» Жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Ануар Искарин бастаған мониторинг тобының құрамында облыстық мәслихаттың депутаты Жұлдыз Қожабекова, қалалық мәслихаттың депутаты Азамат Усимбеков және облыстық Жастар саясаты мәсе­лелері жөніндегі басқармасының маманы Сұлтан Махин болды. Олар жатақханалардың жағдайын, ма­териалдық-техникалық базасын, студенттерді орналастыру рәсімінің ашықтығын тексерді. Мониторинг тобының мүшелері аталған жоғарғы оқу орнына қа­расты №4 жатақхананың мате­риалдық техникалық базасы ес­кіргенін бай­қады. Оған қатысты жатақхана бас­шы­лығынан мән-жайды да анық­тады. Елдегі қазіргі ахуалға бай­­ла­­н­ысты көп студент қашықтан оқы­­тылып жатқандықтан 179 орындық бұл жатақханада қазіргі күні 90 студент қана тұрып жатыр. Медуниверситетке қарасты №5 жатақхананың жағдайы мүлдем бөлек. Мұнда барлығы қазіргі заман талабына сай жаңа. Студенттердің тұратын бөлмелері жайлы, қажетті жабдықтармен жаңартылған. Асха­налары ортақ болғанымен, шомыла­тын бөлмелер әр студенттің жеке бөлмелерінде. Сабақ оқуларына қо­лайлы интернет желісімен де қам­та­масыз етілген. Әрбір студент санаулы уақытқа тысқа шықса да, рұқсат қағазы болмаса жатақханаға кіре ал­майды. Ол жағы қатаң бақыланады. Айта кетейік, «Jas Otan» Жастар қанаты жанындағы мониторинг тобы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен 2019 жылдың 21 тамызында өткен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі­нің кеңейтілген отырысында студет­тердің жатақханаға орналасуы және студенттер үйінің арнайы талаптарға сай жұмыс істеу тәртібін қадағалау үшін құрылды. Жұмыс тобының не­гізгі мақсаты – жоғары және арнаулы орта оқу орындары жатақханаларына орналастыру рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету және бөгде адам­дар­дың тұру мүмкіндігін болдырмау, жа­тақханалардың жағдайын тексеру.

Әбілмансұр ЖАСАН