Электр стансасындағы ұрлық
Электр стансасындағы ұрлық
240
оқылды

Өткен ғасырдың 90-жылдары елді қатты дүрліктірген «цветмет» ұрлау қылмысы қайтадан белең ала бастағанға ұқсайды. Қызылордада электр стансасын салушы компания үлкен көлемдегі сымынан айырылып қалып, шығын шекті. Оның өнімін бағалы металл сынықтарын іздегендер жымқырып кетіпті.

Жаңақорған аудандық по­лиция бөліміне осы мекеме бас­шысынан олар тұрғызып жатқан электр стансасынан әл­де­кім­дердің алюминийден жа­салған құнды кабельдерін ұрлап кеткені туралы арыз түседі. Бұл дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 188-ба­бының 3-бөлігі 1, 3-тар­мақтары бойынша (ұр­лық) іс ашылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амал­дары бас­талды. «Осы ұрлық салдарынан ме­кемеге 56 миллион 797,8 мың теңге көлемінде шығын кел­ті­рілген. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел шаралар нә­тижесінде аудан­­­ның 3 тұрғыны қолға түсті. Олар биылғы жылдың 15 наурызы мен 12 сәуірі ара­­лығында қымбат кабельдер мен металл өнімдерін ұрлап, «Жаңа­қорған – Шалқия» тасжолына дейін жаяу тасып отырған. Ары қарай кент орталы­­­ғына ұрланған заттарды авто­­­­­көлікпен жеткізген. Алюми­­ний кабельдерін облыс аумағындағы металл қабыл­дайтын орындарға өткізген және көрші өңірлерге жі­­­­беріп отыр­ған», – деді ІІМ. Ұрланған заттардың бір бөлігі ғана табылды, ол айғақ зат ретінде тәркіленді. Күдіктілер Жаңа­қор­­­­­ған аудандық полиция бөлі­мінің уа­­­­қыт­­­ша ұстау абақтысына қа­­мауға алынды. Тергеу амалдары жалға­­­суда.

Ерік ЕРДЕНОВ