ҚТФ баспасөз қызметі Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик биылғы маусымда ATP турнирлерінде эйс саны жөнінен көш бастағанын хабарлады.
23 жастағы Бублик биыл төрт айда 24 матчта 296 эйс жасаған. Аустралиялық Алексей Попырин екінші орында тұр. Оған 17 кездесудегі 197 эйс тиесілі. 20 бәсекеде 195 эйске қол жеткізген ресейлік Даниил Медведев үздік үштікті түйіндеді. Ал Рыбакина WTA рейтингінде бір сатыға жоғарылады. Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) кезекті рет рейтинг жаңартып, үздік спортшылар тізімін жариялады. Ел сапынан үздік шыққан Елена Рыбакина 22-орында тұр. Юлия Путинцева 30-орында тұрса , Зарина Дияс бір сатыға жоғарылап, 89-орынға көтерілген.Айбике ЖАНАСЫЛ