Арқар атқан полицейлер ұсталды – видео
Арқар атқан полицейлер ұсталды – видео
168
оқылды

Lada.kz-тің жазуынша, оқиға Маңғыстау облысында болған.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының инспекторы Талғат Әленовтің айтуынша, браконьерлер Қызылсай мемлекеттік табиғи паркінің аумағында 23 сәуірде ұсталды.

Инспекторлар ескертуді елемей, заңға бағынбаған Toyota Hilux көлігінің жүргізушісін қуып жүріп ұстаған.

«Инспекторлар көлікті тоқтатты. Қашуға тырысқандардың көлігінен оқ-дәрі, бірнеше аңшы мылтығы, арқардың ұшасы табылды», – деді инспектор.

Оқиғаға қатысты тергеу басталды.

https://youtu.be/R9IdLkqF4UE

https://youtu.be/ZRncgSrnX-k   https://youtu.be/-Rva2-Q7cpc

Бұған дейін жесір әйелдің жанайқайына немқұрайлы қараған жеті полицейдің жұмыстан қуылғанын жазған болатынбыз.