Қарағанды облысында 26 сәуірде кешке қарай аулада ойнап жүрген кішкентай қыз ізім-ғайым жоғалып кеткен. Полицияға оның жоғалғаны туралы анасы хабарлаған.
«26 сәуірде сағат 22.26-да Қаражал қалалық полициясына 30 жастағы тұрғын қызының жоғалып кеткені туралы арыз түсірді. Полицейлер іздестіру нәтижесінде, қараусыз қалған үйден 55 жастағы қала тұрғыны мен оның жанынан кішкентай қызды тапты», – деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің өкілі.
Ер адам қамауға алынды.
«Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деді полицейлер.