Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жалпыға бірдей декларациялаудың І кезеңінде қанша мемлекеттік қызметкер мен олардың әйелдері декларация тапсырғанын айтты.
«Декларациялаудың І кезеңінде 437 мыңнан астам адам есеп тапсырды. Бұл - жоспарланған көрсеткіштің 91%-ы. Енді азаматтар декларацияда мемлекеттік органдарда тіркелген мүлік және екінші деңгейлі банктердегі ақша туралы ақпаратты көрсетпейді. Бұл деректер автоматты режимде министрліктің интеграцияланған деректер базасына келіп түседі», – деді министр.