31 - 37 жас аралығындағы бес ер адам пәтер тонау үшін Тараз қаласынан келген. Алайда олардың жоспарларын полицейлер бұзды, топтың барлық мүшелері заттай дәлелдемелерімен қылмыс үстінде ұсталды.
– Біздің қызметкерлердің жақсы және тиімді жұмысының арқасында қаскөйлер шаһардағы “алғашқы ұрлықтан” кейін ұсталды. Олар ақша, зергерлік бұйымдар, кішігірім жабдықтар ұрлаған. Әдетте мұндай ұрлықпен айналысатындар аз уақыт ішінде ондаған тұрғын үйді тонайды және қаладан кетеді. Сондықтан оларды гастролерлер деп атайды. Бірақ Алматыда біздің жедел уәкілдер олардың жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Тұтқындалғандардың барлығы бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған. Алматыға олар “Мерседес W140” автокөлігімен келген, жалдамалы пәтерде тұрған. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі "Тұрғын үйге кіріп кету арқылы жасалған ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Руслан Смағұлов.