Алматыда жанармай құю станциясының 3 қызметкері есептегіш құралдың көрсеткішін алу үшін құдыққа түсіп, уланып қалды, – деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.
"27 сәуір күні сағат 18:37-де Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» нөмірлі пультіне Медеу ауданы Нұрмағамбетов көшесі 148/2 мекенжайы бойынша жанармай құю станциясының аумағында орналасқан құдыққа есептегіш құралдағы мәліметтерді білу үшін жанармай станциясының 3 қызметкері түсіп, белгісіз газдан уланған,– делінген хабарламада.
Уланып қалған 3 адам құтқарылып, жақын клиникалық ауруханаға жатқызылған.
Жағдай қаланың Төтенше жағдайлар қызметінің бақылауында. Оқиғаның себептері тексерілуде.