Фракция – партияның сенімді тірегі
Фракция – партияның сенімді тірегі

Жамбыл облыстық мәс­лихатын­дағы «Nur Otan» пар­тиясының де­путаттық фрак­циясы да жаңа құрам­мен жауап­кершілігі мол міндетіне кірісті. Облыстық мәс­лихат­тағы «Nur Otan» пар­тиясының депутаттық фрак­циясының жетекшісі, Қа­зақ­стан­ның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров­пен болған сұхбатымыз дәл фракция жұмысы төңірегінде өрбіді.

– Мұқаш Зұлқарнайұлы, әңгі­ме­міз­ді об­лыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партия­сының депутат­тық фрак­циясының сандық-са­палық құра­мының жасақталуынан бастасақ. – Жамбыл облыстық мәсли­ха­тындағы 36 депутаттық ман­дат­тың 30-ына «Nur Otan» пар­тия­сынан ұсынылған кан­ди­дат­тар партия­лық тізім арқы­лы иелік етті. Сай­лау қо­ры­тындысымен облыстық мәсли­хат­тағы депутат­тық корпус 76,7 па­йызға жаңар­ды. Бұған дейінгі ша­қыры­лым­дағы депутат­тар­дың орта жасы 60 жас болса, қазір бұл көрсеткіш 48 жасқа дейін жасарды. Қазір «Nur Otan» партия­сынан партиялық тізіммен депу­таттық мандатқа ие болғандардың бесеуі 35 жасқа дейінгі жастар. Сон­дай-ақ фрак­ция мүшелерінің арасында әйел­дердің үлесі 23,3 па­йызға жетті. Мұнда Елбасы – пар­тия Төра­ғасы Н.Назарбаев­тың бар­лық деңгей­дегі мәс­­ли­хат­тарда әйел­дер мен жастар­дың үлесін арт­тыру жө­нін­дегі тапсырмасының бас­шы­лық­қа алынғанын айта кету керек. – Жаңа тұрпатта, жаңа құрам­мен жасақталған фракция мүше­лерінің алдында тұрған маңызы зор міндеттің бірі – пар­тияның сай­лау­ал­ды бағдарламасын іске асы­ру­ға атсалысу. Фракция мүше­лері­мен осы бағытта қолға алынған жұ­­мыс­­тың қазіргі аяқалысы қалай? – Фракция құрамы жасақ­тал­ған ал­ғашқы күннен біз сайлау­шы­ларға берген уәделеріміздің орын­далу тетігі қарасты­рылған сай­­­­лауалды бағдарламаны іске асыру мәселесіне баса назар аудардық. Осылайша облыстық, Тараз қалалық және аудандық сай­лау­алды бағдарлама­ларын іске асыру бойынша Жол карталары түзілді. Аталған жол карталарында 102 іс-шара мен 986 индикаторлық көр­­сеткіш қамтылған. Бұл көр­сеткіш­терге 2025 жылға дейін ке­зең-ке­­зеңі­мен қол жеткізу жос­пар­ланып отыр. Партия облыстық филиа­лы­ның төра­ғасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев­тың қатысуы­мен өткен фракцияның ал­ғашқы отырысында біз аталған Жол кар­тасын егжей-тегжейлі тал­қы­ладық. Кейін­нен Жол картасын бекіту мәселесі партия облыстық фи­лиалы жанындағы Саяси кеңесі бюросы отырысының күн тәрті­біне қойылды. Бюро мүше­лерінің келісімімен облыс бо­йынша «Nur Otan» пар­тиясының сайлауалды бағдарламасын іске асырудың жол картасы бекі­тілді. Биыл Жол картасындағы 210 ин­ди­каторлық көрсеткішті орын­дау жоспарда бар. Жақында ғана өткен фракция­ның кезекті отырысында білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, жастар саясаты сала­ларындағы партияның сайлауал­ды бағдарламасындағы индика­тор­лық көр­сеткіштердің орын­далу барысы қаралды. Бұл мә­селе бойынша салалық бас­қарма басшыларының орын­ба­сарлары және облыстық жастар орталығы директорының баян­дамасын тыңдадық. Фракция мүше­лері тарапынан мектепке дейінгі білім беру, мектептерді күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу, студенттерді жатақха­намен қамтамасыз ету, мектеп медици­насын жоғары деңгейде ұйымдас­тыру, спорт, мәдениет нысанда­рының қолжетім­ділігі сынды мә­се­лелер көтерілді. Жауапты ме­ке­мелер бұл мәселелерді на­зарға алып, ол бойынша тиісті жұмыс­тарды жүргізуге уәде берді. Сон­дай-ақ фракция отыры­сында әлеу­меттік салаға жауапты бірқа­тар фракция мүшелерінің де тоқсан ішінде атқарған жұмы­сының есебі тыңдалды. – Жақында партия жанынан бірнеше қоғамдық кеңес құрылды. Бұл кеңестердің жұмысындағы фракция мүше­лерінің рөлі қандай? – Партия облыстық фи­лиа­лы жанынан құрылған 10 қоғам­дық кеңестің негізгі мақсаты – сай­лауалды бағдарламаның орын­далуына қоғамдық бақылау жүр­гізу. Мұндағы 6 қоғамдық кеңеске біздің фракция мүшелері жетек­шілік етеді. Сонымен қатар 2 қо­ғамдық кеңес төрағасына орын­басарлық жасау міндеті де об­­лыс­тық мәслихаттағы нұротан­дық депутаттарға жүктелді. Жалпы, қоғамдық кеңестердің жұмысына «Nur Otan» партия­сынан партиялық тізіммен сай­лан­ған облыстық мәслихаттың бар­лық депутаты толықтай тар­тылды. Маған да өңірлік дамыту жө­ніндегі қоғамдық кеңесіне төра­ғалық ету міндеті жүктелді. Бұл кеңес партияның сайлауалды бағдарламасындағы өңірлерді дамыту бойынша іс-шаралардың орындалуына қоғамдық бақылау жүргізеді. Сондай-ақ дәл осы мә­се­леге жауапты жергілікті атқару­шы және өкілді органдар қызме­тінің тиімділігін арттыру бо­йын­­ша ұсынымдар әзірлейді. Өңірлерді дамыту саясатын жүйелі ұйым­дас­тыруда Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясының депу­тат­тық фракциясына ұсыныстар беріп отыратын боламыз. – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Саятхан САТЫЛҒАН