Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері біржолғы төлем алады. Олардың әрқайсысына миллион теңгеден беріледі.
Сонымен қатар соғысқа қатысқандар мен мүгедектерге теңестірілген тұлғаларға біржолғы материалдық төлем қарастырылған:
– концлагерь тұтқындары – 200 мың теңге;
– Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқандардың жесірі – 50 мың теңге;
– Қоршауда қалған Ленинград тұрғындары – 200 мың теңге;
– «ҰОС жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталған тыл еңбеккерлері – 100 мың теңге;
– 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген және бұрынғы КСРО орден, медальдарымен марапатталмаған адамдар – 50 мың теңге.
«Ардағым – ардагерім» акциясы аясында ардагерлерге сыйлықтар үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен беріледі. Бүгінде облыста барлығы 46 соғыс ардагері тұрады.