Ардагерлердің әрқайсысына миллион теңгеден беріледі
Ардагерлердің әрқайсысына миллион теңгеден беріледі
165
оқылды

Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері біржолғы төлем алады. Олардың әрқайсысына миллион теңгеден беріледі.

Сонымен қатар соғысқа қатысқандар мен мүгедектерге теңестірілген тұлғаларға біржолғы материалдық төлем қарастырылған: – концлагерь тұтқындары – 200 мың теңге; – Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқандардың жесірі – 50 мың теңге; – Қоршауда қалған Ленинград тұрғындары – 200 мың теңге; – «ҰОС жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталған тыл еңбеккерлері – 100 мың теңге; – 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген және бұрынғы КСРО орден, медальдарымен марапатталмаған адамдар – 50 мың теңге.

«Ардағым – ардагерім» акциясы аясында ардагерлерге сыйлықтар үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен беріледі. Бүгінде облыста барлығы 46 соғыс ардагері тұрады.