Телеарна журналисі «делдалға» клиент ретінде хабарласқан:
– Төлқұжатыңыз бен мекенжайыңызды WhatsApp-қа жіберіңіз.
– Оның бағасы қанша?
– Екі доза үшін 15 мың теңге.
– eGov-тан тексерген кезде мәліметтер шығып тұра ма?
– Шығып тұрады, мен бұған дейін құжатты алған адамдардың үлгісін жібере аламын.
Бірінші кезеңі бүгін, екіншісі 18 мамырда. Содан кейін eGov-та сізге вакцина салынғаны туралы құжат тұрады, – дейді делдал.
Сонымен қатар «делдал» құжат бағасы клиент таңдаған клиникаға байланысты 5-25 мың теңге аралығында болатынын айтқан.
Тілшілерге заңсыз қызмет туралы көрермен хабарлаған. Ал көрермен өзі туралы ақпараттың құпия болып қалғанын өтінген.