Белгілі астролог мамырда адамзатты не күтіп тұрғанын айтты
Белгілі астролог мамырда адамзатты не күтіп тұрғанын айтты
216
оқылды
Атақты астролог Павел Глоба мамырға арналған болжамын жариялап, бұл ай 5 жұлдыз-жорамал белгісі үшін сәтті болатынын айтты,  - деп жазады mk.ru. Жетістікке қол жеткізу үшін шыдамдылық танытып, үлкен жоспар құрмау керек және бір жерде де тоқтап қалуға болмайды. Тоқтылар үшін мамыр сәтті болады. Бастысы қиялдай бермей, айналада болып жатқан оқиғаларды дұрыс бағалау керек, сонда ғана бәрі ойдағыдай болады. Егер Тоқтылар айтылған кеңестерге құлақ түрсе, жеке өмірі мен мансабында үлкен жетістікке жетеді.
Торпақтар жақын адамдарымен қарым-қатынастарын қалпына келтіреді. Мамырдың ортасынан бастап олардың жұмысы көп болады, алайда жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.
Арыстандарда жұмысқа көп көңіл бөлетін жұбайларымен келіспеушілік болуы мүмкін. Келісімге келіп, сүйіктісіне көңіл бөлу керек. Мамыр айы олар үшін іскерлік тұрғыдан сәтті болады. Тауешкілер мансабында жоғарылайды.  Әсіресе, мемлекеттік қызметшілер мен шығармашылық мамандық иелерінің жолы болады. Іссапар мен саяхаттар сәтті өтеді.  Белгілі бір қиындық туса да, оны жеңуге болады. Балықтар мамырда отбасындағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға көңіл бөлуі керек.  Серіктестерімен күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік туады, қаржылық қиындықтар артта қалады.