Барлығымызды тіл біріктіреді - Елбасы
Барлығымызды тіл біріктіреді - Елбасы
197
оқылды
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықты біріктіретін тіл екеніне назар аудартты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақ халқы полиэтникалық қоғамды шоғырландыратын интеграциялық процестердің арқауын қалыптастырды. Бүкіл әлемде солай жасалады, тіл барлығын біріктіреді. Мәселен, америкалықтар мыңдаған халықтан құралған. Бірақ, оларды ағылшын тілі біріктіріп отыр», - деді ҚХА-ның ХХІХ сессиясын ашқан Елбасы.
 Тұңғыш Президент әлемнің барлық елінде халықты тіл біріктіретінін баса айтты.
«Бұған қоса, біз еліміздегі этностардың мәдениетін, тілін дамыту үшін қажетті барлық жағдайды қамтамасыз еттік. Соның аясында қазақстандықтар ортақ мақсатымыздың және ортақ ұмтылысымыздың төңірегіне топтасты. Әрқайсысы біздің бірлігімізді, өзара құрметімізді, отаншылдық пен жауапкершілігімізді нығайтуға үлес қосты», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.