«Біз біргеміз» акциясы арқылы 4,5 миллионнан астам адамға материалдық көмек көрсетілді
«Біз біргеміз» акциясы арқылы 4,5 миллионнан астам адамға материалдық көмек көрсетілді
252
оқылды
Елбасы қалыптастырған қаржылық мүмкіндіктерге арқа сүйене отырып, Үкімет 4,5 миллионнан астам адамға материалдық көмек көрсетті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты XXIX сессиясында айтты. 
"Тұңғыш Президенттің бастамасымен Nur Otan партиясы «Біз біргеміз» акциясын ұйымдастырып, мұқтаж отбасыларға материалдық көмек көрсетті. Бұл көмек көрсету шаралары әлі жалғасуда", - деді ол.
Бұған дейін Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінен кетіп, бұл қызметті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүктегенін хабарлаған болатынбыз.