Ақтөбе облысы бас дәрігерінің көңілді кеште ән айтып тұрған сәті қызу талқыға түсті
Ақтөбе облысы бас дәрігерінің көңілді кеште ән айтып тұрған сәті қызу талқыға түсті
5,205
оқылды
Желіде Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтің көңілді кеште ән салып тұрған видеосы қызу талқыға түсті.  Видео Kozachkov offside Telegram арнасында жарияланған. Онда Ақтөбе облысының бас дәрігері Рүстем Исаевтың іс-шарада ән айтқаны түсірілген видео Instagram желісінде жақында ғана пайда болғаны айтылған. Сонымен қатар кеште оның орынбасары Айгүл Дүйсенбаеваның да билеп жүргені көрінеді. Алайда жазба тез арада өшірілді. Көпшілік қатаң шектеу шаралары енгізілсе де, санитарлық талапты өздері бұзған дәрігерлерді сынға алды. Желіде тараған видеоға қатысты Рүстем Исаевтың өзі  пікір білдірді.
"Иә, бұл 5 наурыз күні болған. Ұжыммен бірге 20 адам болып әйелдер қауымын мерекемен құттықтадық. Ән айттым. Біз ол кезде "жасыл" аймақта едік. Карантин талаптарын бұзған жоқпыз, шара бекітілген талаптарды сақтай отырып өтті", - дейді Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті де бас дәрігер карантиндік шектеу шараларын бұзбағанын хабарлады.