Қазақстанда кедейлер көбейді, ал байлар көбінесе қай өңірде тұрады?
Қазақстанда кедейлер көбейді, ал байлар көбінесе қай өңірде тұрады?
290
оқылды

Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Былтыр табысы күнкөрісіне жетпейтіндер үлесі 5,3% болды. 2019 жылы 4,3% еді. Былтыр кедейліктің шегі –Түркістан облысында 12,2%, Солтүстік Қазақстан – 6,7%, Шығыс Қазақстан – 6,5% болды. Кедейліктің ең аз үлесі – Нұр-Сұлтан қаласында 1,5% болды. Сондай-ақ қала мен ауылдық жердегі табыс айырмашылығы әлі де бар. Қалада кедейлер – 3,7% болса, ауылдық жерде – 7,6%. Былтыр кедейліктің ауыл мен қала арасындағы ең үлкен айырмашылық Атырау (9,8 есе), Маңғыстау (3,2 есе) облыстарында тіркелген еді.

Біз бұған дейін табысы күнкөрісіне жетпейтіндердің проблемаларын жазған болатынбыз.