Елге ыңғайлы болсын деп сауда орталықтарында да вакцинация пункттерін аштық – Бақтияр Мәкен
Елге ыңғайлы болсын деп сауда орталықтарында да вакцинация пункттерін аштық – Бақтияр Мәкен
263
оқылды

Күніне коронавирустың 200-ден 500-ге дейін астам жағдайы тіркеледі. Қаланың инфекциялық стационарларында төсек-орын жүктемесі – 58%. Коронавирусқа шалдыққандардың  жағдайы қала басшылығының тұрақты бақылауында.

Сондай-ақ коронавирусты анықтауға арналған тестілеуді кеңінен қамту тұрғындар арасында короновируспен ауырғандарды анықтауды едәуір арттырды, бұл емдеуді уақтылы тағайындауға мүмкіндік беруде. Бүгінгі таңдағы ең маңызды міндет – азаматтарымызды коронавирусқа қарсы вакциналаумен жаппай қамту. Бұл ретте тұрғындардың вакцинация алуын кеңінен қамту үшін қалада вакцинация пункттерінің саны 100-ге дейін артты. Сондай-ақ, жұртшылыққа ыңғайлы болсын деп қаламыздың ең үлкен ойын-сауық орталықтарында (Mega Silk Way, Keruen, "Хан Шатыр" және "Абу-Даби Плаза") вакцинация пункттерін аштық. Қазіргі уақытта олардың әрқайсысы күніне 250-300 адамға вакцина салуды қамтамасыз етіп отыр. Аталған жұмыстар айтарлықтай нәтиже беруде. Қаламызда сәуір айының басынан бастап 100 мыңнан астам адам вакцинация алды. Өздеріңізге белгілі, бастапқыда жұртшылық вакцинацияға қауіппен қарады. Бірақ вакцина қабылдамау денсаулыққа қауіпті екендігін түсінгеннен кейін вакцинация алғандардың қатары толыға бастады. Қазір халықтың алаңдаушылығы мен үрейі басылды. Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтындардың қатары көбейді. Бұл ретте дәрігерлер күнделікті қала тұрғындарын адам көп жиналатын жерлерге бармауға, санитарлық нормалар мен карантиндік талаптарды сақтауға шақыруда. Әлем ғалымдары мен отандық ғалымдар вакцинация қауіпті инфекциямен күресудің ең тиімді әдісі екенін дәлелдеді. Бұл қалыпты өмірге тезірек оралуға көмектесетініне көзіміз жетіп отыр.