Несие тарихы: «қара тізімнен» шығару мерзімі қысқарды
Несие тарихы: «қара тізімнен» шығару мерзімі қысқарды
243
оқылды

Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды.

Бұдан былай, коллекторлық агенттік өкілдерінің заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылмақ. Енді борышкерлерге бөгде адамдардың телефон нөмірінен хабарласуға тыйым салынады. Борышкермен сөйлессе, бейне және аудио түрінде жазба жүргізуге міндетті. Сондай-ақ несие тарихына қатысты заңға өзгеріс енгізілді. Егер бұрын ондай тарихты сақтау мерзімі 10 жыл болса, бүгінде қабылданған түзетулерге сәйкес бұл мерзім 5 жылға дейін қысқарады.

«Азаматтардың несие тарихын сақтау мерзімі де маңызды мәселе болып отыр. Банктер өткен 10 жылда қарыз төлемдерінің мерзімін өткізіп алған адамдарға кредит беруден бас тартады. Несие тарихын сақтау мерзімі 10 жылдан 5 жылға дейін қысқарғанда, біздегі 490 мыңға жуық азамат қажет болған жағдайда банктер мен микроқаржы ұйымдарынан несие алуға мүмкіндік алады», – деді депутат Ольга Перепечина.

Сондай-ақ қарыз алушылардың өтініштерін қарау мерзімі 180 күннен 90 күнге дейін қысқартылды.