1 сәуірде полиция қызметкерлері Оралда Анатолий Максин есімді жоғалып кеткен тұрғынға іздеу жариялады. Ол көпбейінді облыстық ауруханадан кетіп, қайтып оралмаған. Ер адам коронавирус жұқтырған, - деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның хабарлауынша, 27 сәуірде ер адамның мәйіті Деповский көшесінен табылды. Оны өтіп бара жатқандар байқап, полиция хабарлаған.
"Ер адамның мәйітінен зорлық белгілері табылған жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.