Қызылордада жоғалған 6 жасар баланың денесі табылды
Қызылордада жоғалған 6 жасар баланың денесі табылды
218
оқылды

Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен бала, өкінішке қарай, өлі күйінде табылды.

2 күн бойы жоғалған Бахыт Альтаир Мақсатұлын іздестіру жұмыстарына Полиция департаментінің, қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, Ұлттық ұлан сарбаздары, Төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. «Бүгін, 29 сәуір күні жергілікті уақыт сағат 11:00 шамасында жеке тұрғын үйдің кәріз құдығынан жоғалған баланың денесі табылды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Баланың денесінде көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Оқиға бойынша тергеу басталды. Тергеу әрекеттері менің жеке бақылауымда. Кішкентай Альтаирдың ата-анасы мен туыстарының ауыр қайғыларына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамын» деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.