Қызылорда қаласы маңындағы Ж.Махамбетов ауылында зираттан темір қоршау мен металл қақпаларды ұрлаған екі адам ұсталды, – деп жазады «ҚазАқпарат».
Тексеру барысында олар ұрланған заттарды металл қабылдау пунктіне өткізгені анықталған.
Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу кезінде күдіктілердің Қызылорда қаласында жасалған осы тектес тағы екі қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Айыбы дәлелденген күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Барлық дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.