Ақтау қаласының тұрғыны, жалғызбасты ана Жазира Аллабиринова отбасында кіріс көзі болмағандықтан, жұмысқа орналасу үшін 3 жасқа толмаған баласын жекеменшік балабақшаға орналастыруды ойлайды. Алайда төлемақысы қымбат болып шықты. Сондықтан ол осы мәселе бойынша көмек сұрап, қалалық партия филиалына жүгінді.
Осы мәселе бойынша қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Тұрғанбаеваның қабылдауында болды. Б.Тұрғанбаева мемлекеттік балабақшаға орналастыруға баласының жасы жетпегендіктен, жекеменшік балабақшаға орналастыратынын атап өтті. Балабақша ақысын төлеуге жеңілдік жасалатын болды. Жалғызбасты ана Ж.Аллабиринова «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалына және Б.Тұрғанбаеваға алғысын білдірді.