"9 млн. теңге бопсалаған": Алматы облысында қылмыстық топ ұсталды
"9 млн. теңге бопсалаған": Алматы облысында қылмыстық топ ұсталды
176
оқылды
Алматы облысында 9 млн. теңге бопсалаған қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі. Ақпанның 28-і күні Талдықорған тұрғыны полицияға арызданған. Шағымданушы өзінен белгісіз адамдардың 9 миллион теңге бопсалағанын айтқан. Іс ҚР ҚК 194-бабы бойынша тіркеліп, 20 сәуір күні күдіктілер арнайы операция кезінде ұсталды. Шараны Сарқан аудандық Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізді. 26, 28 және 58 жастағы күдіктілер қолға түсті. Тінту барысында олардың бірінен оқ, қару тәркіленді. Ұсталғандар қамауға алынды.