Жер заңының жобасы кері қайтты
Жер заңының жобасы кері қайтты
122
оқылды

Ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де заңмен тыйым салынатын күн жақын. Тиісті заң жобасы енді Сенат депутаттарының да қолдауына ие болды. Олар өз отырысында «Кейбір заңнамалық актілерге жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылап, құптады. Бірақ сенаторлар оны Мәжіліске кері қайтаруға шешім қабылдады.

Мемлекет басшысы өзінің заң шығаруға бастамашы болу құ­қығын пайдаланып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын Парламенттің қарауына енгізген. Парламенттің қос палатасы да бұл құжат бойынша ауқымды жұмыс атқарып, оны жан-жақты пысықтады. Заң жобасын талқылауға сарапшылар, ғалымдар бел­­­­сенді қатысты. Сенат аталған заң жобасын қарап, құжаттың негізгі тұжырымын мақұлдады. Алайда талқылау барысында оған өзгеріс­тер енгізу қажеттілігі туындады. Осыған байланысты сенаторлар өз түзетулеріне Мәжілістегі әріптестерінің келі­сімін алу үшін заң жобасын тө­менгі палатаға қайтару туралы шешім қабылдады. «Жер – халқымыздың ең бас­ты қазынасы, қастерлі тәуелсізді­гіміздің белгісі. Сондықтан жер мәселесі қашанда стратегиялық маңызға ие. Осы заң жобасына сәйкес, бұдан былай шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұл­ғаларға, қандастарға ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелері сатыл­майды әрі жалға берілмейді. Жо­бада Қазақстанның заңды тұлғасының мүшесі немесе акционері болып табылатын тұлғаның Қазақстан азаматтығы тоқ­та­тылған жағдайда ауыл шаруа­­­шы­лығы жерлерін иеліктен шы­­­­ғару рәсімі қарастырылған. Жалпы, бұл заң жобасы, ең алдымен, халқымыздың және мем­леке­тіміздің мүдделерін қор­ғайды», – деді Сенат төрағасының орынбасары Н. Әбдіров. Осы  заң  қабылданғаннан кейін елімізде жер мәселелерін заң­­­намалық реттеуді жетілдіру жұмыстары жалғаса береді. Бүгінде Үкі­мет жерді пайдалануға қатысты заңнамалық түзетулер топ­­­­тамасын әзірлеуде. Нәти­­же­­­­сін­де, алдағы уақытта тиісті заң жобасы Парламентке келіп тү­седі. Сондай-ақ бүгін сенаторлар «Кейбір заңнамалық актілерге Қазақстанда банктік, микро­қаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойын­­­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарап, қабылдады. Мемлекет басшысының тапсыр­масы бойынша әзірленген бұл құжат микроқаржылық және коллекторлық қызметті іске асы­рудың құ­қық­тық базасын жетілдіруді кө­з­­дейді. Енді осы заңға сай кол­лекторларға басқа адам­­дардың телефон нөмірлерінен қоңы­рау шалуға тыйым салынады және олар борышкерлермен арадағы кез келген іс-әрекет ке­­­­зінде видео және ау­дио­­фи­к­са­ция жүргізуге міндетті болады.

Е. СЕНБАЙ