30 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Жұма күні еліміздің кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, тек еліміздің батыс жартысында антициклон жотасының әсерінен күн ашық болады. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, солтүстікте тұман түсуі ықтимал.
Түркістан облысында таңертең және күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін, кей жерлерде жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін, жел күшейеді, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді.
Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі.