Коронавирус бойынша еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, - деп хабарлайды Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы.
30 сәуірдегі мәлімет бойынша: «Қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары бар.
«Сары» аймақта – Шымкент қаласы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл облыстары.
«Жасыл» аймаққа – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.
29 сәуірге арналған матрицада Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысы «қызыл» аймақта тұрған болатын.