Ақмола облысында есептік-сайлау конференциялары басталды. Ақмола облысы бойынша аумақтық партия филиалдарының есептік-сайлау конференциялары 26-28 сәуір аралығында, ал облыстық филиалдың есептік-сайлау конференциясы 30 сәуір күні өтпек.
Мәселен, Бұланды аудандық Мәдениет үйінде Nur Otan партиясы аудандық аумақтық филиалының төрағасы, аудан басшысы Талғат Ерсейітовтың төрағалығымен аудандық аумақтық филиалдың кезекті ХХХ есептік-сайлау конференциясы аралас форматта өтіп, оған 17 бастауыш партия ұйымдарынан 34 делегат қатысты.
Конференция жұмысы салтанатты түрде жарияланғаннан кейін филиал төрағасы күн тәртібіндегі сұрақтарға тоқталды. Конференцияның жұмысшы органдары сайланып, күн тәртібі мен регламент бекітілген соң, жиынға қатысушылар негізгі мәселелерге көшті.
Бірінші кезекте Nur Otan партиясының Бұланды аумақтық филиалының Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есеп берілді. Жарыс сөзде Ақмола облыстық мәслихатының депутаты А.Есентуров, аудандық "Ардагерлер кеңесінің" төрайымы К.Сейдахметова, "Вознесенка" бастауыш партия ұйымының төрайымы Ю.Сироткина және аудан жастарының атынан аудандық маслихатының депутаты А.Кенжегалиев сөз алды. Nur Otan партиясының Бұланды аумақтық филиалының Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстарына оң баға берілді.
Партия филиалының төрағасы бастауыш партия ұйымдарының құрамы мен сапасы едәуір жақсарғанын, Үздік бастауыш партия ұйымдарының қатарында «Атамекен», «Білім», «Журавлевка» ұйымдарының жұмысын ерекше атап өтті.
«Бұл бастауыш ұйымдарда өндіріс процесі мен азаматтарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге партиялық әсерді сезінуге болады. Бұланды ауданы үшін үлгі болуға барлық жағдай жасалған «Білім», «Капитоновка» партия ұйымдарының төрағаларынан жұмысты одан әрі қарқынды түрде жүргізуді күтеміз»,- деді аудандық партия филиалының төрағасы, Бұланды ауданының әкімі Талғат Ерсейітов.
«Жастар Отанға» партиялық жобасы аясында ардагерлерге атаулы көмекті жастар қозғалысының белсенділері жүзеге асыруда. Пандемия кезінде аудандық филиал 700 отбасын «Біз бергеміз» қайырымдылық акциясымен қамтыды. Мұнда белсенділер мен жанашыр азаматтар барлық мұқтаж жандарға азық-түлік себеттерін таратты. Сондай-ақ, осы акция аясында 603 отбасына әрқайсысына 50 000 мың теңге көлемінде «Біргеміз» қорынан қаржылай көмек төленді.
Партияның депутаттық корпусында 30% әйелдер және 25% отыз бес жасқа дейінгі жастар құрап отыр. Бұланды аудандық мәслихатының барлық депутаттық корпусы айтарлықтай жаңарды деуге болады. Жуырда өткен ҚР барлық деңгейдегі мәслихат сайлауының қорытындысы бойынша аудандық мәслихатта 12 депутаттың 10 мандатын Nur Otan партиясы иеленіп отыр. Сондай ақ, партияның аудандық филиалының Саяси Кеңесіне әйелдердің 30% - ы және 35 жасқа дейінгі жастардың 20%-ы қосылды.
Жиын соңында "Nur Otan " партиясы аймақтық филиалының дамуына, халық арасында партияның Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатын насихаттауға қосқан сүбелі үлес үшін облыстық филиал төрағасы, облыс әкімі Е.Маржықпаевтың алғыс хатымен бір қатар партия белсенділері марапатталды.
Алматының Әуезов ауданында абаттандыру бойынша 44 жоба жүзеге асырылды
2020 жылы бұл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мүмкін болды. Осы және мегаполистегі басқа да сапалы өзгерістер туралы Алатау, Әуезов, Бостандық, Жетісу және Түрксіб аудандарында өткен есеп беру-сайлау конференцияларында нұротандықтар бөлісті.
Әуезов аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Сайран Сайфеденовтың айтуынша: «Бизнестің жол картасы аясында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы 48 жобаны жүзеге асыруға, сондай-ақ 22 кредит беруге және кәсіпкерлікті дамытуға 290 грант беруге мүмкіндік берді. «Бастау бизнес» бағдарламасының арқасында 89 көпбалалы отбасынан 400-ге жуық адам экономикалық білім негіздерін алды».
Жетісу ауданында партиялық бақылау комиссиясы 212 рейд өткізіп, оның 158-і «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде құрылыс объектілері бойынша болды. Ал Жетісу аудандық филиалы 80 бастауыш партия ұйымдарының қызметін нығайту жұмыстарын табысты жалғастыруда, олармен жұмысты жеңілдету үшін БПҰ дислокациясының электрондық картасы әзірленді. Бүгінгі таңда барлық бастауыш ұйымдар қажетті имидждік өнімдермен және ақпараттық-насихаттық материалдармен толық қамтамасыз етілген.
Өз кезегінде, партияның Түрксіб аудандық филиалы партиялық тәртіптің сақталуын мұқият қадағалайды. Мысалы, есепті кезеңде партия қатарынан 3 мыңнан астам адам шығарылды. Бұл партия Жарғысын, бағдарламалық құжаттарды, партия органдарының шешімдерін ұдайы сақтамау, сондай-ақ мүшелік жарналарды төлемеу салдарынан болып отыр. Партиялық қатарларды осындай «тазалау» партияның басқа филиалдарында да қолданылуда, мысалы, Жетісу аудандық филиалында бұл сан 4 мың адамды құрайды.
Осы жылдың көктемінде партияның Бостандық аудандық филиалы 1,5 мыңнан астам көпбалалы анаға материалдық көмек көрсетті. Бостандық ауданының нұротандықтарына әлеуметтік сипаттағы іс-шараларды өткізуге «Бақытты отбасы» орталығы үлкен көмек көрсетеді, онда аудан аумағында тұратын барлық 2 500 көпбалалы ана қызметтердің кең таңдауын ала алады.
Аталған аудандар «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Жастар – Отанға!» партиялық жобаларды жүзеге асыру аясында нақты сандар мен мысалдар келтірді. Алайда, партияның барлық сегіз аудандық филиалы жұмысының қорытындысы 12 мамыр күні өтетін қалалық партия конференциясында жарияланатын болады
Түркістан мен Келестегі елдімекендерге газ, су құбыры тартылып жатыр
Nur Otan – тұрғындардың проблемаларын нақты шешетін жалғыз партия». Бүгін Nur Otan партиясы Келес аудандық филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясына қатысушы делегаттар осылай деді. Партия белсенділері 2 жылда атқарылған жұмыстарды саралап, болашақ жоспарларды талқылады.
Nur Otan партиясы Келес аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ақментай Есбаев төрағалық еткен конференцияға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Роллан Шерімов, аудандық мәслихаттың хатшысы Арын Тотиков және бастауыш партия ұйымдарынан сайланған конференция делегаттары қатысты.
Nur Otan партиясы Келес аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Жұмабеков «Келес аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары, алдағы жоспарлары туралы және партияның Келес ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының жол картасын бірінші тоқсанда іске асыру барысы туралы баяндама жасады.
Ол өз баяндамасында Елбасы, Партия төрағасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – партияның 7 серпіні» атты партияны қайта жаңғырту бағдарламасы басшылыққа алынып, партия жұмысын ілгерілету, өңірлердегі мәслихаттардың жауапкершілігін күшейтіп, жұмысын ширату, қоғамдағы ең өзекті әрі аса маңызды мәселелерді айқындап шешу сынды жаңа межелер белгіленіп, саяси кеңес мүшелерінің жүйелі жұмыстары жанданғанын атап өтті.
Былтырғы праймеризде бақ сынаған 70 кандидат елді мекендерде халықпен кездесіп, дебаттарда бақтарын сынап, өзекті мәселелерді анықтап, партияның сайлауалды бағдарламасына енгізді. Праймериз қорытындысымен 38 кандидат, оның ішінде 30% әйелдер және 20% жастар болып, аудандық маслихат депутаттығына үміткер ретінде тіркелді. Жетекші партияның аудандық мәслихатта 15 мандатқа ие болғанын атап өтті.
«Сайлаудағы лайықты жеңіс – бұл партиямыздың бүкіл ел тарапынан нақты қолдау мен сенімнің нәтижесі», – деген бірінші орынбасар аудандық мәслихаттағы 4 мандатқа – әйелдер, 4 мандатқа – 35 жасқа дейінгі өрендер ие болғанын атап өтті. Бастауыш партия ұйымы төрағалығына 4 әйел және 2 жас партия мүшесі төраға болып сайланып, аудандық депутаттық жаңа фракция жұмысы жанданған. Депутаттар қоғамның өткір мәселелерін көтеріп, сайлауалды бағдарламаның жол картасын іске асырып, ай сайын қоғамдық қабылдау өткізуде.
«Әлемді шарлаған індетке байланысты жарияланған Пандемия кезеңінде Елбасымыз бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан аудандағы 1400 отбасыға 50000 теңгеден бір реттік қаржылай көмек берілді. Аудандық филиалдың ұйымдастыруымен, кәсіпкерлеріміздің қолдауымен «Біз біргеміз» акциясы аясында 3724 отбасыға бір реттік азық-түлік себеттері берілді. Аудандық ауруханаға 8 тыныс алу аппараты табыс етілді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша аудан әкімі, аудандық филиал төрағасы Есбаев Ақментай Үсенұлы бастаған Саяси кеңес мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім және мекеме башылары тұрғындарды қабылдап, қолдау көрсетіп келеді. Филиал тарапынан ұйымдастырылған ашық қоғамдық жұмыстар нәтижесінде аудан тұрғындарының партияға сенімі арта түсті», – деді А.Жұмабеков.
2019 жылы партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне жалпы 540 азамат өтінішпен білдірсе, 249 (46,1%) азаматтың өтініші оң шешімін тауып, 291 (53,9%) азаматқа түсініктеме берілді. Ал 2020 жылы партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтінішпен жүгінген азаматтар саны екі есеге жуық көбейіп, 949 азамат жүгінсе, 662 (69%) азаматтың өтініші оң шешімін тауып, 287 (31%) азаматқа түсініктеме берілген.
Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмалары және Nur Otan партиясының Келес ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасына енген 136 жобаны алдағы 5 жылда іске асыру жоспарланған. Осы бағытта Nur Otan партиясы Келес аудандық филиалы жанынан 9 өңірлік қоғамдық кеңестің құрамы құрылып, ережелері бекітілген.
Келес ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру бойынша бірінші тоқсанда Қошқарата ауылдық округінде 9 елді мекенге табиғи газ құбырларын тарту, Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Бозсу елді мекенінде және Біртілек ауылдық округіне қарасты 4 елді мекенде таза ауызсу құбырының құрылыс жұмыстары басталды.
Конференция делегаттары партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамын және облыстық конференцияға делегаттар сайлап, конференция қаулысын қабылдады.
Павлодар облысында да конференция өтті
28 сәуірде онлайн режимінде Nur Otan партиясы Павлодар аудандық филиалының кезектен тыс XXXI конференциясы өтті, оның жұмысына ауылдық округтердің бастауыш партия ұйымдарының делегаттары, депутаттық фракция, партия ардагерлері, қоғам, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт өкілдері қатысты.
Аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Жанат Шұғаев партияның Павлодар аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебін ұсынып, партия өмірінде бұл кезең маңызды саяси оқиғалармен атап өтілгенін атап өтті: Қазақстан Республикасы Президентін сайлау, праймериз өткізу, партиялық тізімдер бойынша барлық деңгейдегі депутаттарды сайлау. Партия мүшелерінің қызметі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты жаңа бағдарламаны жүзеге асырға бағытталған.
Ауданда Жол картасының жүзеге асырылу барысы туралы партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, депутаттық фракция жетекшісі Вера Гейнц есеп берді.
Конференция қорытындысы бойынша Nur Otan партиясы Павлодар аудандық филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамы дауыс беру арқылы сайланды, сондай-ақ 11 мамырда өтетін партияның Павлодар облыстық филиалының XXXI есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды. Осындай конференциялар Аққулы, Тереңкөл, Май, Шарбақты, Баянауыл және Ертіс аудандарында өткізілді.
ШҚО-ның алты ауданында жиын өтті
26 сәуірден бері Шығыс Қазақстан облысының Курчатов, Күршім, Жарам, Абай, Ұлан, Шемонайха аудандарындағы Nur Otan партиясының филиалдарында кезекті сайлау – сесеп беру конференциялары өтуде. Өңірдегі санитарлық-эпидемологиялық ахуалды ескере отырып кей аудандарда жиын онлайн форматта өтті.
Жиындарға аудандық филиалдардың төрағалары, аудан әкімдерімен қатар бастауыш партя ұйымдарының мүшелерімен партияның белсенділері қатысты.
Кезекті сайлау- есеп беру конференцияларының күн тәртібінде бірнеше нақты мәселелер қаралды. Атап айтқанда Nur Otan партиясы аудандық филиалдарының Саяси кеңестерінің 2019-2020 жылдардағы атқарған жұмыстары бойынша есебін тыңдау. Аудандық филиалдардың Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу. Сонымен қатар Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезекті XXV конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері.
«Халық пен мемлекет арасында тиімді кері байланыс орнату мақсатында. Партияның филиалының жаңа саяси кеңесінің құрамында жастар өкілдері, қоғамдық пікірдің көшбасшылары, әйелдер қауымы арнайы еңгізіліп отыр»- деп атап өтті партияның Ұлан аудандық филиалының төрағасы Р.Т. Құрмамбаев.
Еске салар болсақ осы жылы сайланған ҚР Парламент Мәжілісі мен барлықдеңгейдегі маслихаттарында да 35 жасқа дейінгі жастармен әйелдер қауымына барынша назар аударылған болатын.
Сәуір айының соңына дейін барлық аудан қалаларда дәл осындай коференциялар өтетін болады. 6- мамыр күні Nur Otan партиясы ШҚО филиалының кезекті XXV конференциясы өттіп онда республикалық конференцияға қатысатын делегаттар сайланады.
Шалқар ауданында Жол картасы жүзеге асуда
Бұл туралы партияның Шалқар аудандық филиалының кезекті ХХХII есеп беру-сайлау конференциясында айтылды. Іс-шараға партияның аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Жанболат Жидеханов, партия ардагерлері, партияның аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, депутаттар қатысты.
Конференцияда партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалып, партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы жөніндегі жол картасының жүзеге асырылу барысы талқыланды.Аудандық мәслихаттағы фракция жетекшісі Жанкелді Былқайырдың айтуынша бүгінде Жол картасындағы индикаторлар жүзеге аса бастаған.
Мәселен, Жол картасында 98 адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жалдамалы коммуналдық тұрғын үй құрылысын салу көзделген болса, Щалқар қаласының Ө.Сейітов көшесі бойындағы ауданы 667,8 ш.м. болатын екі қабатты жалдамалы қоммуналдық тұрғын үйдің құрылысы жақында аяқталады. Құжаттың «Кәсіпкерлерді қолдау» бағыты да орындалып, жыл басынан 10 адамға кәсібін ашуға қайтарымсыз 200 АЕК көлемінде гранттар берілді. Ал, білім сапасын жақсарту бойынша Бегімбет ауылындағы Б.Сүлейменов атындағы жалпы орта білім беретін мектепті жөндеу жұмыстарына 174,9 млн.теңге қаражат бөлініп, конкурс қорытындысы бойынша «Алихан – Ойл» ЖШС жеңімпаз атанған. «Әділ-Жан-Би» шаруа қожалығы ет өңдейтін шағын цех құрылысын аяқтап, құрал жабдықтарын сатып алуда.
Конференцияның күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Nur Otan партиясы Шалқар аудандық филиалының Саяси кеңесінің жаңа құрамы бекітілді. Сапалық құрамы бойынша әйелдердің кемінде 30%-дан және 35 жасқа дейінгі жастардың 20%-дан кем болмауы қамтамасыз етілді.
Конференция соңында партияның Ақтөбе облыстық филиалының кезекті XXXІІ есеп беру-сайлау конференциясына 13 делегат қатысатын болды.
Айта кету керек, осыған дейін Алға, Шалқар, Ырғыз, Мұғалжар, Қарғалы, Мәртөк, Хромтау, Қобда, Темір аудандық филиалдарының конференциялар өтті.