Алматы әуежайын түрік компаниясы қанша долларға сатып алды?
Алматы әуежайын түрік компаниясы қанша долларға сатып алды?
232
оқылды

«TAV Airports (Groupe ADP құрамына кіреді) компаниясы сатып алуды аяқтады. Алматы қаласы әуежайының операциялық қызметін басқаратын болды. Мәміле бойынша есеп айырысу аяқталғаннан кейін, TAV әуежайдың және оған қатысы бар отын жеткізу және тамақтану қызметтерін ұсынатын кәсіпорындардың 85% акцияларының бенефициар меншік иесі болады. Акциялардың қалған 15% Vpe Capital басқаратын Kazakhstan Infrastructure Fund қорына тиесілі» делінген ресми хабарламада. Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының ресми сайты хабарлады.

TAV компаниясы Алматы әуежайын уақытша келісім концессиясы негізінде емес, меншік иесі құқығында басқарады. TAV Airports президенті және бас атқарушы директоры Сани Шенердің айтуынша, Алматы әуежайының болашағы зор. «Біз Алматы әуежайының айтарлықтай өсу әлеуеті бар деп санаймыз. Тәжірибемізге сүйене отырып, осы әлеуетті толық көлемде іске асыру үшін жұмыс істейміз. Алматыны өңірдің іскерлік астанасы ретінде дамытуға үлесімізді қосамыз. Біздің бағыттарды жасаудағы тәжірибеміз Алматының әлеммен көлік байланысын кеңейтуге көмектеседі. Мәселен, Грузиядағы әуежайларды басқарған 10 жыл ішінде біз бағыттар санын екі есе көбейтіп, жолаушылар санын жеті есеге арттырдық», – дейді Сани Шенер.

Оның айтуынша, пандемияға байланысты трафиктің төмендеуін ескере отырып, бұрын келісілген 415 миллион долларлық сатып алу бағасы 365 миллион долларға дейін төмендеді.

Трафиктің пандемиядан бұрын қалпына келуіне байланысты сатып алушылар консорциумы болашақта қосымша 50 миллион доллар төлейді.