«ҚазАвтоЖол» өкілі «Алматы – Қорғас» тасжолының жарылуына қатысты пікір білдірді
«ҚазАвтоЖол» өкілі «Алматы – Қорғас» тасжолының жарылуына қатысты пікір білдірді
334
оқылды

Видеода Шелек ауылының маңында жолдың бетон қабаты көтеріліп, жарық пайда болғаны айтылады. Жарық үлкен болмаса да, қауіпті.

ҚазАвтоЖол-дың баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше ауа температурасы күрт жоғарылағандықтан, цемент-бетон жабыны кеңейіп, жарық пайда болған.

«Учаскеде жылдамдықтың шектелуі туралы уақытша жол белгілері қойылды. Алматы облысы жол полициясы ӘПБ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Арнайы комиссия құрылды. Тасжол қайта қалпына келтіріледі», – ҚазАвтоЖол өкілі.

Біз бұған дейін ҚазАвтоЖол-дың басшысының қызметтен кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.