"Қазгидромет" РМК Қазақстанның 10 аумағында дауылды ескерту жариялады.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.
1 мамырда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Семей қаласында 1 мамырда батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні таңертең және күндіз 15-18 м/с.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде - 3 градус үсік күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
Ақмола облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде -3 градусқа дейін үсік күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде 1 мамырда кей жерлерде үсік -1-3 градус күтіледі.
Павлодар облысында түнде кей жерлерде -1-3 градус үсік күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз көптеген аймақта 15-20 м/с күтіледі.