«Жүз жаңа есім» қазақстандық арманның іске асқанын көрсетеді
«Жүз жаңа есім» қазақстандық арманның іске асқанын көрсетеді
406
оқылды

Мемлекет басшысы «Қа­зақ­станның 100 жаңа есімі» жо­басының жеңімпаз­да­ры­мен кездесті. Бұл туралы Ақор­­даның баспасөз қыз­ме­ті хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қа­зақстанның 100 жаңа есімі» жоба­сының жеңімпаздарын құттықтап, олардың өз дарынымен көпшілікті мойындата білгенін, мемлеке­тімізді өркендетуге айрықша үлес қосып келе жатқанын айтты. Олар біздің халқымыздың мақтанышы, өзге елдер Қазақстанды осы аза­маттар арқылы танып, бағалайды. – Қазақтың қандай халық екенін жер жүзіне танытып жүрген бірнеше азамат осы жобаның жеңімпазы атанды. Біз түрлі са­лада жетістікке жеткен осындай отандастарымыздың еңбегін дәріптеуіміз керек. Өйткені табыс­ты жандардың тәжірибесі әрдайым басқаларға үлгі-өнеге. Өскелең ұрпақ өздеріңізге қарап бой тү­зейді, ұқсауға тырысады. Мен елі­міздің әрбір перзенті сіздер сияқ­ты өнегелі болсын деп тілеймін, – деді Президент. Мемлекет басшысы терең білімін озық тәжірибемен ұш­тас­тыра білген азаматтардың елімізді алға жетелейтініне сенімді. Президент Тәуелсіздік кезеңінде өсіп-жетілген буынның қарым-қабілетін жоғары бағалады. Президент қоғамдағы бірлік пен келісімнің, барша қазақстан­дықтардың жасампаз еңбегінің арқасында дамуда айтарлықтай алға ілгерілегенімізді атап өтті. – Бұл жерде біздің жетістік­терімізді көрсететін көптеген сан­дар мен деректерді мысалға келтіруге болады. Бірақ барлық та­быс адамдардың берекелі өмірі­мен, жеткен жетістігімен және кемел келешекке ұмтылысымен өлшенетінін есте ұстауымыз ке­рек. Сіздер еліміздің байлығы екен­деріңіз сөзсіз. Өсіп-өркен­деген, әділетті, дамыған Қазақ­станды құру сіздерге жүктеледі. Сондықтан адам капиталын жан-жақты дамыту біздің мемлеке­тіміздің басты басымдығы болған және солай бола бермек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы уақытқа дейін «Қазақстан­ның 100 жаңа есімі» жобасына 7,5 мың адам қатысып, еліміз талай талантты, талапты қазақстан­дықтардың атын таныды. жаңа есім – Осы жобаның арқасында өзінің ерекше емдеу тәсілімен көптеген адамға перзент сүю ба­қытын сыйлаған дәрігер-репро­дук­толог Айдос Ибрагимовты бүкіл еліміз таныды. Жобаның 2019 жылғы қатысушысы Иманбек Зейкенов жақында ғана Grammy сыйлығын жеңіп алып, оның аты бүкіл әлемге жайылды. Оның же­тістігі тек Қазақстан үшін ғана емес, ТМД үшін де теңдессіз. Жо­баның төртінші маусым жеңімпаз­дарының жетістіктері де ешкімді бейжай қалдырмайды, – деді Мемлекет басшысы. Мемлекет шығармашылыққа, білім мен ғылымға, жастарды қол­дауға баса назар аударып отыр. Осы жолда тиімді әлеуметтік лифт қалыптастырудың орны бөлек. «Болашақ» халықаралық стипен­диясы, Президенттік жастар кадр­лық резерві өскелең ұрпақтың ел дамуына өз үлесін қосуына мол мүмкіндік беріп отыр. – Біздің ұлтымыздың бойында креативті индустрияны дамыту­дың аса зор мүмкіндігі бар. Дәл қазір креативті экономика мил­лиардтаған доллар инвестиция тартудың, тұрақты экономикалық өсудің, әлеуметтік өркендеудің бірден-бір жолы. Қазақстан мәде­ниетінің өкілдері өңірлік және жаһандық деңгейде өз орындарын ойып тұрып алып жатыр. Біз осы мүмкіндікті еліміздің мәдениетін әлемге танытудың жолы ретінде қарастыруымыз керек. Сондықтан мен Үкіметке осы стратегиялық маңызды саланы қолдау үшін ке­шен­ді шаралар қабылдауды тап­сыр­дым, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Онлайн форматта өткен «Қа­зақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының кезде­суінде ерікті-студент Дарын Әбілжанов, ғалым, адамдар мен жануарларға вакцина әзірлеуші Қайсар Табынов, ІТ маман, робот техникасы мектебінің негізін қалаушы Дамир Нүркежанов, химия пәнінің жас оқытушысы Ұлан Үсенов, сызу пәнінің мұға­лімі, өз ауылында көпір салу бас­тамасын көтерген Ахат Рақышев, инженер-өнертапқыш Санжар Тайжан, АҚШ-тың хоккей клубы­на бас бапкер болған тұңғыш қа­зақстандық қыз Бұлбұл Қартанбай, эколог Екатерина Вибе, сондай-ақ ақын, әлем әде­биетін қазақ тіліне аударып жүрген Серікжан Қажытай сөз сөйледі.