Қазақтың Ескендірі «Атамекенімен» қоштасты
Қазақтың Ескендірі «Атамекенімен» қоштасты
464
оқылды
Әйгілі әншi, композитор, Қазақ КСР-нің Халық әртісі, Қазақстан Республикасының Мем­лекеттік сыйлығының, «Құр­мет», «Отан» ор­ден­дерінің иегері Ескендір Хасан­ғалиев өмірден озды. Композитор 1940 жылы 13 ақпан­да Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қалдығайты округі Батпақкөл мекенінде дү­ниеге келген. Математика пәнінің мұғалімі болған әкесі Құбаш Ибрашев 1918-1942 жылдары өмір сүрген. 24 жа­сын­да өмірден өткен. Анасы Ханаш Өтегенова 1924-1985 жыл­дары ғұ­мыр кешті. Әкеден ерте жетім қал­ған Ескендір нағашы атасы Өтеген мен әжесі Бахия Хасанғалиевтардың қамқор­лығын­­да болады. Ауыл баласы алғаш рет нотамен Орал қаласында алты ай баян аспа­бын­да ойнайтын музыканттар кур­сында танысқан. Ал форте­пианоны алғаш рет 1959 жылы Құрманғазы атындағы консер­ваторияның дайын­дық бөліміне түскен кезде көрген. Ол кезде әнші 19 жаста еді. Қазақ ұлттық педагогикалық қыздар институтында хор дири­жері, Қазақ радиосы және телеарна оркестрінің солисі қызметін атқарды.1978 жылы әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын сырттай оқып бітірген. Алғашқы «Анаға сәлем» әнін 1961 жылы шығарды. Ән бірден халық арасында кең таралып, композитор ретінде осы әнмен танымал болды. Кейіннен «Асыл арман», «Әдемі-ау», «Сағындым сені», «Бозторғайым» сияқты таны­мал әндер жазылды. Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған патриоттық «Атамекен» әні 1970 жылы Қазақ КСР-нің 50 жылдық мерейтойына арналып жазылса да, барша қазақ баласы сүйіп орын­дайтын халық әніне айналды. 50 жылдан астам уақытта 200-ге жуық ән, романс, хорға арналған шығармалар, фильм мен музыка­лық қойылымдарға әуен жазды. Ескендір Хасанғалиев – бүкіл ғұмырын музыка саласына арнап, отандық өнердің өрісін кеңейтуге үлкен үлес қосқан дарын иесі. Ол әуезді әндерімен халқының ыстық ықыласына бөленіп, ерекше құрметіне ие болды. Әр қазақ жатқа білетін «Атамекен» әні елдің еңсесін көтеріп, рухын асқақ­тататын қайталанбас туынды бо­лып қала береді. 2007 жылы «Платинды Тарлан» сыйлығының лауреаты, 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалін, 2015 жылы «Қазақстан конституциясына 20 жыл» медалін, 2015 жылы «Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл» медалін иеленді, 2015 жылы Ақ­орда сал­танат са­райында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз қолы­нан ең жо­ғарғы мемлекеттік мара­пат – «Отан орденімен» марапат­талды. Алматы қаласының және Ба­тыс Қазақстан облысының құр­мет­ті азаматы, Орал педагогика ин­ститутының құрметті профес­соры, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің құр­метті профессоры, Алматы облысы Үштөбе ауданы мен Кер­бұлақ ау­да­нының құрметті азаматы атақ­тарын алған. Хaсaнғaлиевтiң «Әдемi», «Aсыл aрмaн», «Өмiрiмнiң жaзы», «Aтa­мекен» әндерiн тек Қaзaқстaн тыңдaрмaндaры емес, шетелдерде де ықылaспен қaбылдaйды. Е. Хaсaнғaлиев шығaрмaшылығынa тaқырыптың әмбебaптылығы, мaтериaлды берудiң көпсaлaлығы тән. қaзiргi қaзaқ ком­позитор- лaрының ән-ромaнстaрын нa­қышынa келтiре шебер орын­дaйды. Xaсaнғaлиев – тaнымaл композитор. Оның бiрнеше ән жинaғы жaрық көрдi. Xaсaнғaлиев әндерiнiң тaқырыбы сaн aлуaн. Ол қaзaқ, орыс, тaтaр, немiс aқын­дaрының туғaн ел, еңбек, жaстық шaқ, мaхaббaт тaқырыбындaғы өлеңдерiне көптеген ән жaзды. Оның гaстрольдiк сaпaрмен Моң­ғолия (1975), Болгaрия (1982), Югослaвия (1968), Aлжир (1969), Сирия мен Ливaн (1973), Швеция және Финляндия (1970), тағы басқа елдер­де болды. Композитор елінің сүйікті ұланына айналса, елін сүйген арда ұл өз сезімін әндері арқылы барша қазақ жұртына паш етті. Қазақ даласын әнмен тербеген аяулы жанның артында өлмейтін, өшпейтін мол мұрасы қалды. Мар­құмның жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жаны жәннатта болсын!

Aiqyn газетінің ұжымы