Орал қаласына блокбекеттер қойылды
Орал қаласына блокбекеттер қойылды
5,224
оқылды
Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының бірнеше ауданында эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін сенбіден бастап блокбекеттер қойылды, - деп хабарлады өңірлік "Мой Город". Батыс Қазақстан облысы бір айдан астам уақыттан бері вирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұрғандықтан өңірдің бас санитар дәрігері жаңа шешім қабылдады. 1 мамырдан бастап Орал қаласына, сонымен қатар Ақжайық, Бөрлі, Қазталов, Теректі, Бәйтерек және Шыңғырлау аудандарына кіріп-шығу шектеліп отыр. Орал қаласында жеті жерде блок бекет орнатылды, онда полицейлер кезекшілік атқарып жүр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері рұқсат құжаттары мен stopcоvid.kz сайтында тіркеудің бар-жоғын тексереді.