Ғасырдың екінші жартысында MENA елдеріндегі температура экстремалды көрсеткіштерге жетуі мүмкін. Аймақта жыл сайын ауа температурасы көтеріледі, - деп хабарлайды Phys.org сайты.
Мұндай ауа райы адамдар мен жануарлар үшін қауіпті. Тіпті ыстыққа төзімді — мысалы, түйелер үшін де. Қатты ыстықтың салдарынан биологиялық әралуандылық пен ауыл шаруашылығы саласына зиян келуі мүмкін.
Сондай-ақ ультра экстремалды температура салдарынан 600 млн адам зиян шегеді — бұл осы аймақ халқының тең жартысы. Алдын ала болжам бойынша, олардың 90%-і сол уақытта қалада тұрады.
Зерттеушілердің пікірінше, дәл қазір қауіп төніп тұрғанын ескере отырып жағдайды өзгертуге болады.
Еске салсақ, мамырдың алғашқы күндері ауа райының қандай болатынын хабарлаған едік.