Әлем елдерінде ПТР тест бағасы қанша?
Әлем елдерінде ПТР тест бағасы қанша?
327
оқылды

Қазіргі уақытта шетелден Қазақстанға келетін жолаушылардан ПТР тест анықтамасы міндетті түрде талап етіледі. Әлемде туристер саяхатқа жиі баратын елдерде ПТР тест құны қанша? Бұл туралы соңғы 20 шақты күнде әлемнің бірнеше еліне саяхаттап келген турист Ерік Ілиясов Facebook-тағы парақшасында жазды.

ПЦР тест құны:

  1. Дубай (жарамдылық мерзімі – 72 сағат, QR-кодпен тексереді. Бағасы  – 120 доллар);
  2. Сербия (жарамдылық мерзімі – 48 сағат, ПТР анықтаманы қағазға шығарып алу міндетті, бағасы – 100 еуро (2 апта бұрын туристер үшін 180 еуро болған. Төлем тек пошта арқылы жасалады.  Белградтың орталық ауруханасында ғана алынады. Сынаманы тек тамақтан алады);
  3. Стамбұл (жарамдылық мерзімі – 72 сағат, бағасы – 31 доллар. Сынаманы мұрын мен тамақтан алады. Электронды құжатты ұялы телефоннан тексереді);
  4. Бішкек (Түркияда тапсырған тест жарамды болды. Әуежайда немқұрайды тексере салды. Форма толтырсаң жеткілікті – Ерік Ілиясов);
  5. Which.co.uk сайтының мәліметінше, Ұлыбританияда ПТР-тесттің орташа құны – 120 фунт, яғни, 137 еуро.
  6. Ал Еуропа елдерінде аталған тест құны арзанырақ. Мәселен, Италиядағы орташа баға – 86 еуро болса, Францияда – 54 еуро.
Турист Ерік Ілиясовтың жазуынша, Дубайда барлық жерде бетперде тағу талап етіледі. Тек бөлме және жағажайда ғана шешу керек. Дұрыс тақпасаң, ескерту айтады. Суретке түскенде де талап бойынша тағу міндетті. Сербияда барлық жерде бетперде тағу талап етіледі. Бірақ, далада тақпасаң, ешкім ескерту айтпайды. Стамбұлда да бетперде тағуды міндетті түрде талап етеді. Тек қана далада, тамақ ішерде тақпауға болады. Бішкекте бетпердені сауда орталықтарына кірерде ғана тексереді.