Қазақстанға шетелден бір күнде 3617 жолаушы келді  
Қазақстанға шетелден бір күнде 3617 жолаушы келді  
210
оқылды

Германия, БАӘ, Мальдив Республикасы, Мысыр, Грузия, Украина, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 3 617 жолаушының барлығында ПТР тест анықтамасы бар. Атап айтқанда, Алматыға – 14 рейс, 2 283 жолаушы; Нұр-Сұлтанға – 6 рейс, 1 077 жолаушы; Шымкентке – 2 рейс, 244 жолаушы; Ақтауға – 1 рейс, 4 жолаушы; Атырауға – 1 рейс, 9 жолаушы.

Бұған дейін әлем елдеріндегі ПТР тест бағасы туралы жазған болатынбыз.