Уылдырық шашамыз деп өзенге жете алмады
Уылдырық шашамыз деп өзенге жете алмады
382
оқылды
Бесікті ауылы тұсындағы «Безымянный » көлі балықтар   уылдырық  шашатын көл болатын.  Екінші мамыр кешке Жайық деңгейі көтеріліп,  құрғап тұрған «Безымянный» көліне  сумен бірге балықтар мен шабақтардың көп келуіне байланысты балықтар қайранға шығып қалып, өзенге  кері қайта алмай қалды. Қайраңға  шығып қалған  балықтардың өлгені де бар. Өзенге  жетуге талпынып, тырбаңдап жатқан балықтарды  көрген Бесікті ауылы тұрғындары әлеуметтік желі арқылы облыс тұрғындарын балық жинауға шақырды.
«Жайықтың көтерілуіне байланысты  Бесікті ауылы тұсындағы  суы жоқ «Безымянный» көліне  өр суымен  келген балықтар мен балық шабақтары өзенге қайта алмай қалды. Бұл жағдайды пайдаланған облыс тұрғындары балықтарды қапшыққа салып әкетіп жатыр. Балықтарды әкетуге болмайды. Біз оларды өзенге қайтаруға күш салып жатырмыз», - деді  "Жайық-Каспий" аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысының м.а. Н. Гайсин. «Бесікті ауылы маңындағы Жайық өзенінің тасуы салдарынан «Безымянное» жайылмалы көлі жағалауларынан асып, ең жақын сағаларын шайып кетті. Сумен бірге өзендер сағаларына балықтар, негізінен, шағылдар кірді. "Жайық-Каспий" аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері шұғыл сол маңға жіберілді. Бұл жағдай туралы өзара шұғыл іс-қимыл әрекетіне сәйкес барлық мүдделі мемлекеттік органдар, оның ішінде жергілікті атқарушы орган хабардар етілді. Балық ресурстарын сақтау жұмыстарына 10 инспектор, жергілікті тұрғындардан 40-қа жуық адам, әкімдіктің 3 бірлігі автокөлігі, инспекцияның 4 бірлік темір тұлпары жұмылдырылды. Нәтижесінде 3 тоннаға жуық балық құтқарылды. Ал 470 кг. өлі балық жерге көмілді. Ауыр техниканың  көмегімен жасанды канал қазылды, ол арқылы балықтар өзен арнасына жіберілді. Қазіргі уақытта су әлі де болса тасып жатыр, ал балық ресурстарын құтқару жұмыстары болса жалғасуда. Бүгін  балық өтетін канал темір  тормен жабылған. Балықтардың көлге өтуі тоқтатылды. Көлге шыққан балықтар балық кооперативтері мен еріктілер күшімен жиналып,  Жайық өзеніне кері жіберілуде", - делінген Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
https://www.youtube.com/watch?v=gubZp9iZasg