3 мамырдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 1 378 495 адам COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда елімізде 1 378 495 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны 312 197 адамға жетті.
Халықты вакцинациялау бойынша өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр. 225 044 алматылық тұрғын вакцинаның бірінші компонентін алып үлгерген.
Ал ең аз вакцина салдырған өңір ретінде Маңғыстау облысы тіркелді. Бұл облыстағы тек 27 634 адамға вакцинаның бірінші дозасы егілген.