Өскеменде кәсіпорын бухгалтері 7 миллион теңгені жымқырған
Өскеменде кәсіпорын бухгалтері 7 миллион теңгені жымқырған
269
оқылды
Өскеменде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің есепшісі 7 миллион теңгені өз пайдасына жымқырған, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Кәсіпорын басшысы 21 сәуір күні полицияға шағымданады. Ол былтырғы жаздан бері ЖШС шотынан 7 млн. теңге ұрлап алған әйел адамды жауапқа тартуды сұраған.
«Шағымданушы ер адам кәсіпорынның бас бухгалтерінің ақшаны өз есебіне аударып алғанын айтқан. Осылайша, ол 7 млн. теңгені иеленіп кеткен», - делінген хабарламада.
Көп ұзамай, 52 жастағы күдікті полиция учаскесіне жеткізілген. Тергеу барысында әйел адам өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.