Павлодарда әскерге шақырылған екі жігіт терезеден секіріп қашып кетті
Павлодарда әскерге шақырылған екі жігіт терезеден секіріп қашып кетті
191
оқылды
Павлодарда әскерге шақырылған екі жігіт әкімдіктің облыстық жиналу пунктінің үшінші қабат терезесінен секіріп кетті, олардың біреуі қашып үлгерген.
Әскери міндеттілер - Павлодар облысында тұратын 1998 жылы туылған Құлниязов Мұхамедкәрім Қайратұлы және 2001 жылы туған Рүстем Русланұлы Назымбеков әскери қызметке шақырылған. Олардың әскери қызметтен босатудың заңды негіздері болған жоқ. 2021 жылы 2 мамырда Павлодар облысы әкімдігінің аймақтық жиналу пунктінің ғимаратында болып, олар үшінші қабаттан секіріп, сол жерден заңсыз шығып кеткен, – деді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі .
https://www.youtube.com/watch?v=M8UjLnASAA4 Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оларға 1000 АЕК-ке дейін айыппұл (2 917 000 теңге) немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе төрт жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру жазасы берілуі мүмкін.