Түркістанда көшеде төбелес шығарғандар ұсталды. Оқиға кезіне куә болған видео әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Кадрда асфальт үстінде жартылай жалаңаштанған ер адамның қолына пышақ ұстап, жүгіріп бара жатқанын көруге болады. Артынша жағдай төбелеске ұласқан. https://www.youtube.com/watch?v=L48B0hhkHDs Қалалық ПД мәліметінше, бұл дерекке қатысты тұлғаларға ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. "Жедел уәкілдер барлық қажет іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары оқиғаға қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады. Бүгінде сот алды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталады", – деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.